"Есіктен есікке" акциясы жалғасын табуда.
"Есіктен есікке" акциясы жалғасын табуда.Биылғы сайлау науқанындағы үгіт - насихат жұмыстары "жанды"форматта сайлаушылармен адал да ашық диалог негізінде жүргізілуде. Осы мақсатта ұйымдастырылған "Есіктен есікке" акциясы аясында үміткерлер үйме үй аралап, партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруда. Шара барысында облыстық маслихатқа кандидат А.Қораласбаев және аудандық маслихатқа кандидаттар С.Мамырбаев, Р.Жұманқұлова тұрақтылық пен дамудың кепілі болған "Nur Otan" партиясы еліміздегі жетекші саяси күш ретінде халықтың бірлігін, еліміздің өркендеуін жəне əрбір азаматтың əл - ауқатын арттыру бағытында жұмыстар жүргізіп келетінін айтып өтті. Сонымен қатар, басқа да мəселелер бойынша сөз қозғап, пікірлесті. Сайлаушылар да аудан мен ауылдың өркендеуі үшін бірқатар істер атқарылғандығын айтып, алдағы сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасайтындықтарын жеткізді.

