"Есіктен есікке" акциясы жалғасуда!
Бүгін сайлауалды науқан алдында партияның “Есіктен есікке” акциясы аясында Қарақия аудандық депутаттығына үміткер Избасарова Айгуль Бостан ауылының мектептерінде үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.
Акция аясында тұрғындарды “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасының бағыттарымен таныстырып, 10 қаңтарда партиямызға дауыс беруге үгіттеу жұмыстары жүргізді.
Кездесу барысында ауданымыздағы өзекті болып отырған жұмыссыздық, ауыз су және жылу мәселелері талқыланып, ол мәселелерді шешуге ықпал етуді жұмыстанатынын айтылып өте кетті.
Үміткер ауыл тұрғындарынан келіп түскен сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс пікірлерін тиісті мекеме басшыларына жеткізетіндіктерін айтты.
Жалпы кездескен тұрғындар ағайын-тумаласты, көрші-көлемді сайлауға апаратындарын және партиямызға дауыс беретіндерін айтты.
