Есіктен -есікке акциясы жалғасуда!
Ақтауда қалалық депутаттыққа үміткерлер Ермек Нурмаганбет және Муратбек Дощанов үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды. Кандидаттар «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындармен кездесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын, сондай-ақ партияның алдағы мақсат-міндеттерін айтып өтті. Оған қоса 10 қаңтарда өтетін сайлауда учаскелерге барып дауыс беруге шақырды.


