"ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ" Акциясы жалғасуда
Бүгін "Есіктен-Есікке" акциясы аясында Қарақия аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Итыбаева Айгульдің сенімді өкілі Қайырбек Едіге мен Оразбекұлы Әлібектің сенімді өкілі Қуанышқали Ғалымғалиұлы Құрық ауылының бірнеше үйіне үгіт- насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барсында тұрғындардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берілді. Тұрғындар тарапынан көбіне әлеуметтік көмек, жұмыссыздық мәселесі,білім саласы,тамақтарға бағаның тұрақтамауы,электр энергия бағасының тым жоғарғы екені айтылды.
Кездесу соңында 2021жылы 10қаңтарда болатын сайлауда белсенді болуға шақырды.
