Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Есіктен есікке" акциясы жалғасуда!

Бүгін сайлауалды науқан алдында партияның “Есіктен есікке” акциясы аясында ҚР парламенті мәжілісінің депутаттығына үміткер О. Қазақбаев және сенімді өкілі Нурбергенов Рустем Рахат ауылының, Балауса көшесіндегі бірнеше үйге кіріп шықты.

Акция аясында тұрғындарды “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасының бағыттарымен таныстырып, 10 қаңтарда партиямызға дауыс беруге үгіттеу жұмыстары жүргізді.

Кездесу барысында қаламызға өзекті болып отырған жұмыссыздық, ауыз су және жылу мәселелері талқыланып, ол мәселелерді шешуге ықпал етуді жұмыстанатынын айтылып өте кетті.

Кандидаттар ауыл тұрғындарына келіп түскен сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс пікірлерін тиісті мекеме басшыларына жеткізетіндіктерін айтты.

Жалпы кездескен тұрғындар ағайын-тумаласты, көрші-көлемді сайлауға апаратындарын және партиямызға дауыс беретіндерін айтты.

#NurOtan

#NurOtanZhanaozen

2
0
166

Осы тақырып бойынша

"Есіктен есікке" акциясы жалғасуда! - Yvision.kz