"ЕСІКТЕН ЕСІККЕ" акциясы жалғасуда
Бөкей ордасы аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Айбарша Бейсова Бөрлі ауылының сайлаушыларымен “Есіктен есікке” акциясы аясында кездесу өткізді. Кездесу барысында еліміздің көшбасшы "Nur Otan" партиясының аудандық сайлауалды бағдарламасының 7 бағытын айтып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлауда “Nur Otan” партиясын қолдап, бір ауыздан дауыс беруге шакырды.
