"Есіктен есікке" акциясы жалғасуда
Кентау қаласына қарасты Ескі Иқан ауылында "Есіктен есікке" акциясы өтті. Онда «Nur Otan» партиясының атынан ҚР Парламенті Мәжілісіне ұсынылған кандидат Гүлжан Құрманбекова және Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Қаблан Елеусізов пен Үсен Рахмет үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сайлаушылардың үйлеріне барып, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.
