"Есіктен-есікке" акциясы Жаңақазан ауылында
Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттар Досмұхамбетов Алихан мен Ермекқалиев Алтынбек "Есіктен-есікке" акциясымен Жаңақазан ауылына барды. Халықпен кездесіп, сайлауға дайындықтарынан хабардар болды. Елдің жай-күйін сұрап, тұрғындардың ұсыныс-тілегін түртіп алды. Сондай ұсыныстың бірі зейнеткерлік жастың ұлғаюы турасында болды. Үміткерлер "Сайлауда жеңіске жетсек, осындай елдік мәселелерді мінбелерде көтеретін боламыз. Сондықтан "Nur Otan"-ды қолдайық, ағайын!" деді.

