"Есіктен есікке" акциясы өтті.
"Есіктен есікке" акциясы өтті.Бүгінгі күн сайлауалды үгіт насихат жұмыстарының соңғы күні. Əйтсе де бұл күні Мәжіліс депутаттығына кандидат Гүлдара Нұрымова және аудандық маслихатқа кандидаттар Қанатбек Арыстанбеков, Айгул Касеналиева аудан тұрғындарымен кездесті. Өздерінің үгіт насихат жұмыстарын қарқынды жүргізді. Кандидаттар сайлаушылар үйін аралап, сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарымен таныстырды. Партия халықтың үміттерін ақтау үшін, мүдделерін қорғау жəне халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын болу үшін қажетті шараларды қабылдайтындықтарын айтты. Сондықтан 10 қаңтар күні өз таңдауларын жасап, партияға қолдау көрсетуге сенім білдірді.


