"Есіктен есікке" акциясы өтті
Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылында "Есіктен есікке" акциясы өтті. «Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Мейрамбек Күнпейсов, Бақыт Стамкулов, Роза Аяпбергенова, Арман Шалданбаев, Арай Сауранбекова, Ақерке Әбдіқадыр үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сайлаушылардың үйлеріне барып, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Сондай-ақ, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.
Айта кетейік, өңірде инвестицияларды тиімді салу, көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларынан барынша пайда алу, жаңа озық технологияларды енгізу, өндірісті қазіргі заманғы жабдықтармен, өнімділігі жоғары техникамен әртараптандыру және жарақтандыру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жөніндегі жұмыстар жалғастырылады.
Алдағы сайлауға белсенділікпен қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз.
