"Есіктен есікке" акциясы өтті
Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында "Есіктен есікке" акциясы өтті. Онда «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалынан облыстық және қалалық мәслихатқа ұсынылған үміткерлер сайлаушылардың үйлеріне барып, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.
