"Есіктен есікке" акциясы облыстық мәслихат кандидаттарының сенім білдірген тұлғаларын үйде үгіттеу
«Есіктен есікке» акциясы аясында «Nur Otan» партиясы облыстық мәслихат депутаттығына тіркелген кандидат Мадияр Байжанов ауыл тұрғындарының үйлерін аралап, сайлаушылармен кездесті.
Тұрғындармен кездесу барысында Мадияр Жеңісұлы партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарына қатысты түсінік беріп өтті. Оған қоса, партияның жетістіктері туралы да айтылды. Тұрғындар тарапынан аталған игі жұмыстар қолдау тауып, шараны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс білдірді. #bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!