Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Есіктен есікке" акциясы Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат тобы

Үлкеннен бата алғанның жөні бөлек

24.12.2020ж Өмірлік тәжірибелері мол, көпті көрген аға буын өкілдерінің жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы берері әлі де көп. Олардың ақыл-кеңестері әрдайым орнымен айтылып, көпшіліктің кәдесіне жарап жататыны түсінікті. Елімізде болғалы отырған сайлау қарсаңында осындай ардақты ардагерлерімен кездесу, ел саясатын мансұқтауға үлес қосатын пікірлерін назарда ұстау штаб мүшелері үшін ерекше пайдалы. Еліміздегі бірден бір көшбасшы әрі халықтан қолдау тауып отырған «Nur Otan» партиясы алдағы сайлауалды бағдарламасында осы кезеңге дейін ұстанып келген бағытын, саясатын одан әрмен жалғастырмақ ниетте. Ауданымызға арнайы іссапармен келген Қазақстан Республикасы Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Мәлік Иманқұлұлы Құлшар, Жаңабек Жаңабайұлы Жақсығалиев және Сәбира Өмірғалиқызы Сүндетова ауданға сыйлы ақсақал, тыл ардагері Мұхамбетнағым Баймағамбетовке сәлемдесе барып, қарияның хал-жағдайын сұрап, елімізде болғалы отырған сайлау туралы әңгіме өрбітті. Көпті көрген, көкірегі қазына, көзі қарақты ардагер өткелі отырған сайлаудан хабары барлығын, елімізде тұрақтылық пен бірлікті қалыптастыруға ықпал етіп отырған «Nur Otan» партиясына сайлауда дауыс беретіндігін айтып, өзін сыйлап келген өкілдерге алғысын айтып, батасын берді.

0
0
106

Осы тақырып бойынша

"Есіктен есікке" акциясы Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат тобы - Yvision.kz