«Есіктен есікке» акциясы басталып кетті.
Бүгін Темірлан ауылында «Есіктен есікке» акциясы аясында аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер кандидаттар Т.Ибрагимов, С.Кенжеев, С.Ақмұратов үйден үгіттеу жұмыстарын жүргізді.Ауыл тұрғындарына үйлеріне кірместен, өз ұстанымдарын, тұғырнамасын тілге тиек етті. Мемлекетті халық құрайтындығын, сол халық үшін игі істерді атқаратындықтарын айтты.Бұл ісшарада ерікті жастар белсенділік танытуда. Олар үгіт насихат үнқағаздарын таратуға атсалысты.Айта кетейік, аталған ісшара халық арасында дұрыс көзқарас қалыптастырады.
