«Есіктен есікке» акциясы Қайыңдылықтар қолдау білдірді
«Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының «Есіктен есікке» акциясы Қайыңды ауылдық округінде жалғасты. Онда да аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер тұрғындармен ашық жүздесіп, «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасындағы алдағы бесжылдықтың даму жоспарымен бөлісті. «Nur Otan» партиясына қолдау білдірген қайыңдылықтар партия жұмысына сәттілік тіледі.
