Есіктен есікке" акциясы аясында жүзбе жүз кездесу өтті
Ордабасы ауданының партиялық сайлауалды бағдарламасы және аумақты дамыту бағдарламасы 5 жылдық іске асыру кезеңіне әзірленді, аймақтың ерекшелігін ескере отырып ауылдардың нақты мәселелерін, шешімдерін көрсететін басым бағыттарды анықтады.Бағдарламада ауданымызды бәсекеге қабілетті, экономикалық құрылымы қарқынды дамуға бағытталған және азаматтар үшін жайлы тұруға мүмкіндік жасайтын нақты шаралар ұсынады.бүгін Шұбар ауылының тұрғыны Ерназаров Айтбектің үйіне барып, "Есіктен есікке" акциясы аясында жүзбе жүз кездесу өткізіп, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндірді. Үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидатКайнар АбасовҚария кандидаттың сөзін тыңдап болған соң "Nur Otan" партиясына дауыс беретінін айтып, батасын берді.Ерікті жастардың бірі Бағлан Сапаров үгіт-насихат үнқағаздарын таратып жүрді.
