Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Есіктен-есікке" акциясы аясындағы келелі кездесу.

"Есіктен-есікке" акциясы аясындағы келелі кездесу.

Бүгін, яғни 05.01.2021 жылы

"Nur Otan" партиясынан Атырау қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер мен Қанатов Ғабиден Шораұлы, Еркін Борисұлы және қалалық сайлауалды штаб төрағасының орынбасары Серік Бисешұлы Нұрсая ықшамауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Айбаров Айдын Аққалиұлының шаңырағында болып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырдық.

Айбаров Айдын- Ұлы отан соғысының ардагері, Атырау облысының құрметті азаматы, өңірдегі өнеркәсіптің дамуына өлшеусіз қосқан жан. Биыл 100 жасқа келетін ызғарлы соғыстың тауқыметін көріп, жауға қарсы тұрған батыр ақсақал кездесу барысында, бір ғана тілегі бар екендігін, ол тыныштық пен бейбітшілік екендігін айтты.

Сонымен қатар, елдің ардақтысы өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісіп, алдағы сайлаудың сәтті өтуін тіледі.

Ақсақал Айдын Аққалиұлы "Нұр Отан " партиясын қолдайтынын айтып, кездесу соңында өзінің ақ батасын берді.

#NurOtanДауысБер #ГолосуйЗаNurOtan

0
0
118

Осы тақырып бойынша

"Есіктен-есікке" акциясы аясындағы келелі кездесу. - Yvision.kz