Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Есіктен – есікке" акциясы аясында«Құрсай» ықшам аудандары тұрғындарымен кездестік.

Партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттайтын "Есіктен – есікке" акциясы аясында қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Сарсенбаева А., Тұрдалиев А. , Хабиров Р., Болатбекұлы Д. қаладағы "Лесхоз", «Құрсай» ықшам аудандары тұрғындарымен кездестік.

Халық жылы лебізімен қабылдап, ықшам аудан бойынша түйткілді мәселелерімен бөлісті. "Лесхоз" ықшам ауданы тұрғындарының басым бөлігі қалдықтарды өңдеу, аула тазалығы мен балалар ойын алаңдарын салу мәселесін қозғаса, «Құрсай» ықшам аудан тұрғындары көшелерді жарықтандыру және зауыттан шығатын лас ауаның жаз мезгілінде демалуға кедергі келтіретіндігін жеткізді.

Акция барысында қала тұрғындары тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлері тиісті мекеме басшыларына жеткізілетіні айтылды.

@baibekbk

@ozhayev_nurlybek_zhumakhmetuly

@nur_otan_atyrauoblysy

@nurotan.gorod

@beibitmurzagaliev

0
0
142

Осы тақырып бойынша

"Есіктен – есікке" акциясы аясында«Құрсай» ықшам аудандары тұрғындарымен кездестік. - Yvision.kz