ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

"Есіктен есікке" акциясы аясында

"Есіктен есікке" акциясы аясында.

«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Аманкелді Калмагамбетов және Жантлеш Мухамбетов, Светлана Байтенова, Галина Волкогон "Есіктен есікке" акциясы аясында ауылы тұрғындарының үйлеріне арнайы барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Отбасыларда өткен жүздесуде шаңырақ иелері «Nur Otan» партиясының ел дамуындағы үлесінің зор екендігін атап өтіп, алдағы сайлауда бас партияға сенім білдіріп, қолдайтындықтарын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың игілігіне жұмыс жасауды жалғастырады.

«Nur Otan» партиясы алдымызға халықтың сенімін ақтау міндетін қояды.

Сонымен қатар, ауданның әрбір тұрғынының жайлы өмір сүруі, дамуы және өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барлық мүмкіндіктерге ие болатын бақуатты қоғамды бірге құрамыз.