Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Есіктен-есікке» акциясы аясында

«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын ауыл тұрғындарына насихаттау мақсатында аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Д.Хангельдиева, Р.Сайлауұлы, Е. Майлыбеков және Ә.Катаев Тасарық ауылдық округіне үгіт-насихат жүргізуін жалғастыруда. «Есіктен-есікке» акциясы аясында өткен кездесуде үміткер партияның алдағы бес жылға бағытталған сайлауалды бағдарламасының жеті басым бағыттары бойынша атқарылатын негізгі міндеттерді атап өтті.

Кезекті осындай шарада Тасарық ауылдық округінің тұрғындарымен үміткерлер ермін-жарқын әңгіме өрбітті. Үміткерлер коронавирус пандемиясының алғашқы толқынында "Nur Otan" партиясы тарапынан Ахуалды жақсарту бойынша шаралар жайлы жергілікті тұрғындармен сөз қылды.

Мысалы елімізге таралған пандемияға байланысты көптеген салаларда шектеулер қойылып, іскерлік белсенділіктің төмендеуіне алып келді. Осыған орай «Nur Otan» партиясы және Мемлекет тарапынан елімізде экономикалық іскерлік белсенділікті қолдау және сыртқы әсерлердің теріс ықпалын азайту үшін ауқымды шаралар қабылданды. Атап айтсақ кірісін уақытша жоғалтқан наурыз айында 24 270, сәуір айында 12 108, шілде айында 18 102 азаматқа 42 500 теңгеден әлеуметтік төлемдер төленді, 11 364 аз қамтамасыз етілген отбасыларға «Біз біргеміз» қоғамдық қорынан 50 мың теңгеден берілді, 8 500-ден астам азаматтың коммуналдық шығыстары өтелді, сәуір айында 4 985, мамыр айында 5 307, шілде айында 4 106 мүгедек жандарға, сәуір айында 809, мамыр айында 754, шілде айында 815 мүгедек балаларға, сәуір айында мүгедек күтімімен айналысатын 784, мамыр айында 809, шілде айында 622 ата-анаға, жұмыссыз мәртебесін жоғалтапаған жұмыспен қамту шарыларына тартылған сәуір айында 503, мамыр айында 606, шілде айында 804-тен астам азаматқа әлеуметтік көмек төленді, 1 237 бала кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілді, 2020 жылы 776 адамды қоғамдық жұмыстарға, 218 адамды жастар практикасына, 86 адамға жаңа бизнес идеяларды іске асыруға гранттар беріледі.

«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 14 жобаны іске асыруға 541 024,0 теңге бөлініп, 153 жұмыс орындары ашылып, оның 50 пайызы, яғни 81-і жұмыспен қамту органдары арқылы тіркеуге алынған азаматтар жолданды, мүлік және табыс салықтарынан 2528 салық төлеушілер босатылды, 67 коммуналдық мекемелердің жалға алу төлемдері 3 айға тоқтатылды, ТЖ кезінде несие бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге мораторий қойылды. Жоғарыда айтылған жұмыстарды тілге тиек етті.

«Осындай ел басына қиын сынақ түскенде шалғайдағы елді мекен тұрғындарын да назардан тыс қалдырмай елеп-ескерген, қол ұшын созған «Nur Otan» партияcына дауыс береміз» деді Тасарық ауылдық округінің тұрғындары.

2
0
356

Осы тақырып бойынша

«Есіктен-есікке» акциясы аясында - Yvision.kz