«Есіктен есікке» акциясы аясында
«Nur Otan» партиясы атынан Төлеби ауданы Көксәйек ауылдық округі, Қожамсүгіров көшесінде «Есіктен есікке» акциясы аясында аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Т.Тастанов және М.Тұрымбетов тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар елдімекеннің дамуына ұсыныс-тілектерін жеткізді. Өз кезегінде үміткерлер сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, жерлестерін бірауыздан дауыс беруге шақырды.

