"Есіктен -есікке" акциясы "Асар-С" базарында өтті.
Ақтауда Маңғыстау облыстық маслихатына үміткерлер өзім, Л.Мендыгалиева екеуміз үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырдық. «Есіктен есікке» акциясы аясында кәсіпкерлермен кездесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын, сондай-ақ партияның алдағы мақсат-міндеттерін айтып өттік. Оған қоса 10-қаңтарда өтетін сайлауда учаскелерге барып , Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырдық.
Киікбай Жақыпұлы
