Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

“Есіктен есікке” акциясы

Елімізде үгіт - насихат жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқаны баршаңызға мәлім. Біздің өңір де қалыс қалып жатқан жоқ. Барлығы да елдің қамы үшін. Бізде бұл шараға барынша атсалысудамыз. Қалалық депутаттыққа үміткер ретінде менің сенімді өкілдерімГулимай Аманиязова , Қожаберген Нарұл “Есіктен есікке” акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Б. Байбек атап өткендей, биылғы үгіт-насихат жұмыстары «жанды» форматта сайлаушылармен адал және ашық диалог негізінде жүзеге асуда. Акция аясында сенімді өкілдерім халықты аралап, партия ұсынып отырған сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарын түсіндіріп, тұрғындардың талап- тілектері жинақтауда. Олардың айтуынша халықтың "Nur Otan"- ға деген сенімі жоғары. Және басым көпшілігі сайлауда басқарушы партияға дауыс беретіндерін жеткізген.

Құрметті отандастар! Сіздерді де осы саяси маңызды шараға барынша белсенділікпен қатысып, "Nur Otan" -ға дауыс беруге шақырамын. Өз таңдауыңызды жасаңыз.

Ермек Нурмаганбет

0
0
139

Осы тақырып бойынша

“Есіктен есікке” акциясы - Yvision.kz