Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Есіктен есікке акциясы

Есіктен есікке акциясы аясында 1, 8 және 11 шағын аудандарын аралап, тұрғындарына 10 қаңтар өтетін сайлау туралы айтып, сондай-ақ "Nur Otan" Партиясының алдағы 5 жылдыққа жоспарланған даму бағдарламасын түсіндірдік.

Тұрғындармен танысып, Ақтау қалалық маслихатының депутаттығына үміткерлер ретінде әңгімелесу барысында көпшілікті толғандырған бірнеше ортақ мәселені көкейімізге түйдік.

Атап айтсақ, бірінші мәселе сол шағын аудандардың ішкі аббаттандырылуы, жолдар мен балалар алаңдарының сапасы; екінші мәселе - коммуналдық қызмет деңгейі мен жылу, ыстық су сияқты заман игіліктерінің сапасы; үшінші мәселе - күнделікті тұрмыста қолданатын азық-түлік бағасының қымбаттауы.

Аталған мәселелердің барлығы да "Nur Otan" партиясының бағдарламасында қамтылған, дер кезінде лайықты қадамдар жасалатын болады.

Гани Абдисадыков

0
0
128

Осы тақырып бойынша

Есіктен есікке акциясы - Yvision.kz