"Есіктен-есікке" акциясы
NurOtan партиясы "Есіктен-есікке" акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін 27 ш/а тұрғындарымен кездесу өткіздік. Акция барысында қала тұрғындарын халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасауға бағытталған 2025 жылға дейінгі бағдарламамен таныстырдық.
Халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, білім саласы бойынша қойылған сұрақтарға да жауап бердім. Әрине, кез келген ата ананы баласының болашағы уайымдататыны анық және ол отбасының үміт еткен азаматы ғана емес, еліміздің болашағы екенін түсінуіміз керек. Балалардың бақытты болуына, болашағына сенімді жастарды дайындауда NurOtan партиясының алға қойған жоспарлары бар және осы мақсатта барлығыңызды бірге жұмыстануға шақырамын.
Берик Ахметов

