«Есіктен есікке» акциясы
«Nur Otan» партиясы атынан сайлау науқанынан түсіп жатқан үміткерлер тарапынан үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жалғасуда. Бүгін аудандық маслихат депутаттығына үміткер Р.Сайлауұлы, К.Умирбеков, А.Шырынбек «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, Сарқырама ауылы тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында бағдарлама басымдықтары, алдағы мақсат-міндеттер мен жоспарлар жөнінде мәліметтер бердік. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырдық, тұрғындардың мәселесімен таныстық. Акция аясында жиналған тұрғындарға үнпарақтар үлестірдік. Сайлауалды бағдарламаны түсіндіре келе «Nur Otan»ға дауыс беруге шақырдық.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
