“Есіктен есікке» акциясы
2020 жылдын 28 желтоқсанында “Есіктен есікке» акциясы Маңғыстау облыстық маслихат депутаттығына үміткерлер мен Людмила Мендыгалиева , Сарсен Крымкулов, Зина Ногаева және Бердыгали Берекетов , Жаңаөзен қалалық депутаттығына үміткерлер Айнагул Кушикбаева, Гулжан Жугембаева, Гульжан Бердибекова және Гульназ Булекбаева Жаңаөзен қаласы Рахат аулында үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік. «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындармен кездесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын, сондай-ақ партияның алдағы мақсат-міндеттерін айтып өттік. Оған қоса 10 қаңтарда өтетін сайлауда учаскелерге барып дауыс беруге шақырылды.


