Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Есіктен есікке" акциясы

"Есіктен есікке" акциясының аясында түске дейін Теңге аулының Желтоқсан көшесіндегі бірнеше үйге кіріп шықтық. ТұрғындардыNur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, 10 қаңтарда партиямызға дауыс беруге үгіттедік. Бір сайлаушымыз Теңге аулына келетін маршруттық автобус мәселесін шешуді мәселе қылып көтерді. Бір ағамыз баласын өзінің зейнетке шыққан мекемесіне жұмысқа орналастыруды сұрады. Жалпы кездескен тұрғындар ағайын-тумаласты, көрші-көлемді сайлауға апаратындарын және партиямызға дауыс беретіндерін айтты. Әзірше қамтылған адам саны 24 адам.

Акцияны түс қайта сенімді өкілдерім жалғастырады. Өзім ҚазГӨЗ ұжымымен онлайн кездесу өткізем.

#NurOtan

Nur Otan Aktau

#edilzhangbyrshin

0
0
121

Осы тақырып бойынша

"Есіктен есікке" акциясы - Yvision.kz