"Есіктен-есікке" акциясы
"Есіктен-есікке" акциясы аясында Есенбай Қалдаманов ағамның шаңырағында болдым.
Есенбай ағамыз қалалық мәслихаттың депутаты, Облыстық "Мерейлі отбасы" байқауының жүлдегері, меценат, өңірдегі беделді ағаларымыздың бірі.
Сөз арасында қазіргі қоғамның дамуы, адамгершілік, жастар мәселесі тақырыбында әңгіме қозғадық.
Есенбай ағамыз партияны қолдайтындығын, партияға дауыс беруге елді үгіттейтінін жеткізді.
Қазақта "Бір жерге бара қалсаң, бір шыны кесе шәй беретін үйің көп болсын" дейді. Енді, Өзенге келсем ағамның бір үйі бар деп айта жүретін боламын.
#NurOtan #Bizbirgemiz
Наурызбек Мағдатов

