«Есіктен есікке» акциясы
"Nur Otan" партиясының бекіткен желілік кестесіне сәйкес, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Нұрманова Құралай Шараубайқызы Мұнайлы ауданы, Батыр ауылының тұрғындарымен «Есіктен есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жұмысын жүргізіп,
" Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын егжей-тегжейлі таныстырып, толық түсіндіріп өтті. Партияның Тәуелсіз елдің басты жетістіктеріне қосқан ерен үлесі туралы да баяндалды. Тұрғындар “Nur Otan” партиясының қоғам, халық өміріндегі кез-келген өзекті мәселелерді шешу жолында аса үлкен белсенділік танытып келе жатқанына шынайы ризашылық танытты.
Құралай Шараубайқызы еліміздегі ең мықты саяси ұйым - «Nur Otan» партиясына қолдау көрсетіп, дауыс беруге шақырды.
#NurOtan
#JenimpazBol
#BizBirgemiz
#Tanday2021

