"Есіктен есікке" акциясы
"Есіктен есікке" акциясы аясында ауданымызға
Райымбек аудандық маслихат депутаттығына кандидат болып тіркелген, халықтың үлкен қолдауына ие болған, елі сенім білдірген үміткеріміз Себдайыров Марат тұрғындардың үйлерін аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындармен кездесуде кандидат «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарымен және алға қойылған міндеттермен таныстырып, партия тарапынан қазақстандықтардың хал-жағдайын жақсарту бағытында іске асырылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында "Nur Otan" партиясының алға қойған мақсаттары, жоспар бойынша жүргізіліп жатқан істерімен таныстырды. Сондай-ақ, сайлауалды бағдарламасынан хабардар етіп, тұрғындардың да сұрақтарына жауап берді.
