"Есіктен есікке" акциясы
"Есіктен есікке" акциясы аясында ауданымызға
Райымбек ауданы облыстық және аудандық маслихат депутаттығына кандидат болып тіркелген, халықтың үлкен қолдауына ие болған, елі сенім білдірген үміткерлеріміз Алиев Нурбол мен Жумаханов Ербол тұрғындардың үйлерін аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындармен кездесуде кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарымен және алға қойылған міндеттермен таныстырып, партия тарапынан қазақстандықтардың хал-жағдайын жақсарту бағытында іске асырылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында "Nur Otan" партиясының алға қойған мақсаттары, жоспар бойынша жүргізіліп жатқан істерімен таныстырды. Сондай-ақ, сайлауалды бағдарламасынан хабардар етіп, тұрғындардың да сұрақтарына жауап берді.
