Есіктен есікке акциясы
«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын ауыл тұрғындарына насихаттау мақсатында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Р.Сайлауұлы Қасқасу ауыл округі Кеңесарық және қасқасу елді мекендеріне үгіт насихат жүргізуін жалғастыруда. «Есіктен-есікке» акциясы аясында өткен кездесуде үміткер партияның алдағы бес жылға бағытталған сайлауалды бағдарламасының жеті басым бағыттары бойынша атқарылатын негізгі міндеттерді атап өтті.

1.Экономикалық тұрақты аудан
2.Ыңғайлы аудан
3. Әлеуметтік қызметке бағдарланған аудан
4.Жастарға арналған аудан
5.Мәдениеті мен тарихы бай аудан
6.Ашық және есеп беретін жергілікті органдар
7.Қауіпсіз аудан
Кездесу барысында осы және өзге де мәселелер бойынша ауыл азаматтарының сауалдарына жауап берген кандидат: «Біздің партияның міндеті – сіздердің өмір сүру деңгейлеріңізді жақсарту, халықтың барлық мүдделерін білдіру және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады»,- дей келе сайлаушыларды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Қиындықтарды еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
"Nur Otan"- ға дауыс бер !
