"Есіктен есікке" акциясы
Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында "Есіктен есікке" акциясы аясында Бәйтерек аудандық штаб мүшелері үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Жұмыс барысында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы түсіндіріліп, 10 қаңтар күні сайлауға қатысып өз таңдауын жасай алатындарын жеткізді.
