“Есіктен есікке” акциясы
“Есіктен есікке” акциясы аясында Ақтау қалалық мәслихатына үміткер Фазылбек Абылай Мағаш базарының қызметкерлері мен сауда орнындағы жеке кәсіпкерлерге “Nur Otan” партиясының алға қойған жоспарлары бойынша таныстыру-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, 10 қаңтар күні өтетін Парламент Мәжілісі мен маслихат депутаттарын сайлауға шақырды.




