«Есіктен есікке» акциясы
«Nur Otan» партиясынан Бәйтерек аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Талипова Н.Ж. қатысуымен «Есіктен есікке» акциясы аясында Раздольный ауылдық округ тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Тұрғын үйлерді аралау кезінде тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасын қысқаша түсіндіріп, 5 жылдық бағдарламада көзделген әлеуметтік басымдықтар жөнінде айтты.
Тұрғындардың өздерінің ерікті түрде сайлауға барып, таңдау жасауға құлықты екендерін жеткізді.
Сондай-ақ, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлау жөнінде хабардар етіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
