Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Есіктен есікке» акциясы

«Nur Otan» партиясынан Бәйтерек аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Залмуканов Т.Д., Шканов Б.Е., Исмагулов Р.Т., Голубева С.Н., Ислямов Г.К. қатысуымен «Есіктен есікке» акциясы аясында Макаров ауылдық округ тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Тұрғын үйлерді аралау кезінде тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасын қысқаша түсіндіріп, 5 жылдық бағдарламада көзделген әлеуметтік басымдықтар жөнінде айтты.

Тұрғындардың өздерінің ерікті түрде сайлауға барып, таңдау жасауға құлықты екендерін жеткізді.

Сондай-ақ, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлау жөнінде хабардар етіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

2
0
137

Осы тақырып бойынша