"Есіктен есікке" акциясы
"Есіктен есікке" акциясы аясында қалалық мәслихатқа үміткерлер А.Кушикбаевамен Г.Еркебекова Шаңырақ шағынауданының бірнеше үйге кіріп шықты.
Акция аясында тұрғындарды “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, 10 қаңтарда партиямызға дауыс беруге үгіттеу жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында қала тұрғындары тарапынан сайлаудың өту барысы, қалай дауыс беретіндіктері, мектептерде сабақ беру бұрынғыша жүргізілуін сонымен қатар тұрмысы төмен отбасыларға көңіл бөліп алдағы уақытытта қайырымдылық шараларын өткізіп отыруға ұсыныс пікірлерін жеткізді. Жалпы кездескен тұрғындар ағайын-тумаласты, көрші-көлемді сайлауға апаратындарын және партиямызға дауыс беретіндерін айтты.
