Қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Саран қаласы тұрғындарының пәтерлеріне барып, «Есіктен есікке» акциясын өткізді. Акция барысында сайлаушыларға үгіт-насихат материалдары таратылып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары түсіндірілді.
Сондай-ақ, оларды азаматтық белсенділік танытып, 2021 жылдың 10 қаңтарында мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Бүгінгі таңда қала тұрғындары «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде.
Біз Сіздердің сеніміңізді бағалаймыз және жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!