«Есіктен есікке»акциясы
«Есіктен есікке» акциясы аясында қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Қанатов Ғ.Ш., Сүлейменов Е.Б., қалалық штаб төрағасының орынбасары, сенімді өкіл Арыстан С.Б. өңіріміздегі белді ардагерлермен кездесті. Олар: Батыров Қуандық - «Сахара» газетінің бас редакторы, ардагер журналист, Асанов Ермек – ардагер ұстаз, өндіріс саласында қызмет еткен ардагер, Мусин Мұрат – Қайыршақты ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы, Сандалиев Теміржан – ауыл шаруашылығы саласының ардагері. Кездесу барысында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы насихаттау жұмысын жүргізіп, «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды. Ардагерлер сайлау науқанының сәтті өтуіне тілек білдіріп, өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.



