«Есіктен есікке» акциясы
Бүгін Мәжіліс Депутаттығына үміткер Жанбыршин Еділ Терекбайұлы «Есіктен есікке» акциясы аясында Құрық ауылының 1,2 шағын аудандарды аралап, ауыл тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді.
«Партия үшін қарапайым халықтың мүддесі бірінші орында. Мен тұрғындардың ұсыныстарын тыңдап, осы мәселелерді шешу жолында әрекет етуге дайынмын. Сіздің дауысыңыз біз үшін маңызды. Сіздің таңдауыңыз біздің болашағымызды айқындайды. Сондықтан, 10 қаңтарда мен барлығын "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырамын». Сынақтардан өтіп, біз бірге жеңіске жетеміз! », - деді Е.Жанбыршин өз сөзінде.
