Есіктен-есікке
Бүгінде аудандағы мықты география мен биология, химия пәндерінің аға буын ұстаздары зейнетте. Сосында шығар жас тарихшылар өз нәтижелерін көрсеткенмен, осы апайлардың орнын басатын жаратылыстану мұғалімдері азайып кетті. Қуана қарсы алған Ботакөз Еділбайқызы алдағы сайлауда жеңіске жетуіме тілеулестігін білдіріп, сайлаудан қалмайтынын және тағы да басқа өз ойларын жеткізді. Ауылға биыл келген Ақбұлақ суының қызығын көріп, ауыл адамдарының қаладан еш кем болмай отырғандарын айтып, қалаға көшуден айнып қалғандарында жасырмады.
Кезінде 600 балаға арнап салынған екі қабатты мектепте 60 қа толмайтын бала қалды. Бұл Тасқұдық негізгі мектебінің бүгіні, осы мектептен еңбек жолымды бастағандықтан мен үшін орны ерекше. Бүгінде біздермен жасаған ұжымның 80 пайызын жастар басқан. Бәрі жаңа, бәрі өзгерген. Жаңа жақсылықтарымыз көп болсын. Сайлауда жүздескенше! 10.01.2021
