"Есіктен есікке"
Қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат А.Р.Тұржанов Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесі күні Шахтинск технологиялық колледжінің жоғары курс студенттерімен кездесті. Кездесу "Есіктен есікке" акциясының аясында ұйымдастырылды. Сұхбат барысында Тәуелсіздіктің іргетасын қалаушы, "Nur Otan" партиясының төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында қол жеткізілген табыстар жайлы айтылды. Атап айтқанда, әрбір қазақстандық өзі және айналасындағылар үшін жауапкершілікті сезіне отырып, өзінің жеке қабілеті мен мүмкіндіктерін іске асыра алатындай азаматтардың өзін-өзі көрсетуі үшін одан әрі жағдай жасалуы, Қазақстанның әрбір өкілі жеке тұлға және толық құқылы азамат ретінде бірдей бағаланатын Қазақстан халқының мызғымайтын бірлігінің сақталуы, сондай- ақ кәсіпкерлік, білім, медицина салаларында еңбек етіп жатқан жас мамандарға көрсетіліп келетін қолдаулар жайлы тілге тиек етілді. Әсіресе жас еріктілердің КВИ -ге қарсы күрес кезінде жасаған ерлік істері де назардан тыс қалмады.
