Есеп беру-сайлау жиналысы өтті
21 сәуір күні «Nur otan» партиясы Казталов аудандық филиалының «Қарасу» бастауыш партия ұйымында есеп беру-сайлау жиналысы офлайн форматында өтті.
Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:
1.2019-2020 жылдардағы партия жұмысының есебі және алдағы атқарылар міндеттер.
2.Аудандық конференцияға делегат сайлау.
Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып , округ бойынша «Қарасу» бастауыш партия ұйымының төрағасы болып Нұржанов Асхат Талғатұлы сайланды. Жиынға қатысушылар Аудандық конференцияға ұсынылған делегаттарды бірауыздан қолдады.
"Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалы

