Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Есеп беру-сайлау жиналысы онлайн және офлайн форматында өтті.

Бүгін 22 сәуірде онлайн форматында «Nur Otan» партиясының Казталов аудандық филиалының "Казталов" бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы өтті. Жиналысқа аудандық саяси кеңес мүшесі Е.Бекмулдин қатысты.

Күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілді:

1. БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есеп және алдағы кезеңге арналған міндеттер;

2. Бастауыш партия ұйымының төрағасымен, бюросын сайлау туралы;

3. Партияның тиісті аумақтық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау;

Күн тәртібінің бірінші мәселесіне сай осы бастуыш партия ұйымының төрағасы Арман Галимов өткен кезеңде бастуыш партия ұйымында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Өз кезегінде «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасының негізгі бағыттарымен таныстырып, алда тұрған міндеттерді атап өтті. Жарыссөз барысында Казталов ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы М.Бектілеуов, Казталов ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Н.Хабибуллина "Казталов" БПҰ

есепті кезеңде атқарған жұмысына оң баға беріп алда шешімін табуы тиіс мәселелерге тоқталып өтті. "Казталов" БПҰ төрағасы болып А.Галимов қайта таңдалып, бюро мүшелерімен аудандық конференцияға делегаттарда сайланды. Соңынан күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес қаулы қабылданды.

0
0
149

Осы тақырып бойынша

Есеп беру-сайлау жиналысы онлайн және офлайн форматында өтті. - Yvision.kz