Есенов Аслан Мұратұлы #БҚОатақтыспортшылары
Есенов Аслан Мұратұлы – ҚР спорт шебері, бокстан жаттықтырушы.
1992 жылы 18 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Жаңакүш ауылында дүниеге келген. 1999 жылы ауылдық мектепті табалдырын аттаған. 2003 жылдан бастап бокспен шұғылданып келеді. Ең алғашқы бапкері Орынғалиев Жолдығали Бахтығалиұлы, интернаттағы бапкері Ищанов Бейбіт Шамильұлы. 2005-2010 ж.ж. Орал қаласындағы спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп- интернатында (бокс бөлімінде) оқыды. 2007 жылы мектеп –интернат оқушылар арасында ҚР қола жүлдегері. 2008 жылы Тараз қаласында жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатының қола жүлдегері. 2009-2010 ж.ж. ҚР жастар арасында құрама команда мүшесі. 2010 жылы жастар арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері (Иран ,Тегеран қаласы). 2010 жылы ересектер арасында Е.Ибрагимовтың халықаралық турнирінің қола жүлдегері. 2011 жылы ересектер арасында И.Тайманұлы және М.Өтемісовтың халықаралық турнирінің қола жүлдегері. Қазіргі таңда бокстан баладар жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы.
#знаменитыеспортсменыЗКО
#БҚОатақтыспортшылары
