"Ертөстік" балабақшасына партиялық бақылау жасалынды.
"Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында партиялық бақылау комиссиясының мүшелері "Ертөстік" ясли-бақшасын аралап, мүмкіншілігі шектеулі жандарға арналған қолайлы ортаның (пандус, Е13 перила, шақыру қоңырауы, есіктер мен тиісті жарықтар, тактильді жол т.б.) жай-күйімен танысты. Анықталған кемшіліктер бойынша оларды жою бағытында нақты хаттамалық тапсырмалар берілді.
