Ернар Байдашев: Іс – шаралар жоспарында өзіме жүктелген бағыттары бойынша жұмыстанамын.
Ернар Байдашев: Бүгін, ZOOM платформасында фракцияның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс - шаралар жоспары - Жол картасын талқыланды және Сырым аудандық мәслихатындағы "Nur Otan" партиясы фракциясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылып, филиалдың Саяси Кеңес Бюросына келісім алуға ұсынылды. Іс – шаралар жоспарында өзіме жүктелген бағыттары бойынша алдағы уақытта жұмыстанып, қорытындысын хабарлап отырамын.
