Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ерліктері еселенген еріктілер ісі

Нарық заманы адам мен адамның, ағайын мен туыстың, жекжаттардың арасын алыстатқаны жасырын емес. Осындай ел басына күн туған сын сағатта барлығымыз бір екенімізді өмір дәлелдеп берді. Халқымыздың бір-бірлеріне деген қамқорлығы артты.

Осы ретте бүгін еліміздің ертеңі, халықтың, мемлекетіміздің сенімін арқалап өсіп-өніп келе жатқан жастарға дән риза болдық.

«Жас Отан» жастар қанаты партиялық жобасы аясында «Nur Otan» партиясы Бостандық аудандық филиалы жастары аудан тұрғыны, ҰОС ардагері Алексеенко Татьяна Ерофеевнанын үйіне барып, есік алдындағы қарын тазалап берді.

Көптеген замандастарымның батасын алып жүрген осындай ерікті жастарымызға шын жүректен алғыс айтып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, талпыныстарына толағай табыс тілейміз.

0
0
184

Осы тақырып бойынша

Ерліктері еселенген еріктілер ісі - Yvision.kz