Еріктілер (волонтер) арасында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелде жастарға патриоттық тәрбие беру жұмыстары да өз жалғасын тапты. Еріктілер қозғалысының еріктілік жұмыс¬тарын үйлестіру және еріктілердің әлеуметтік жобаларын іске асыру форматтары талқыланды. Сондай-ақ, еріктілер қозғалысы белсенділерінің коучинг қасиеттерін дамытуға үлкен көңіл бөлінді. Еріктілерге көшбасшылық және жаттықтырушы қа¬сиеттерді ілгерілету, жобалық ойлау мен функционалды сауаттылықты дамыту мақсатында семинарлар мен вебинарларды көптеп өткізу жөнінде әңгіме болды. Еріктілік мәселелеріне қатысты келіссөздер жүргізуге, жиын өткізуге қаламыздағы коворкинг орталықтарында кездесулер ұйымдастыруы туралы да айтылды.
Еріктілер қозғалысына қан жүгіртіп, оны үйлестіру үшін ортақ дерекқордың, яғни мобильді қосымшаның қажеттілігін жастар алға тартты. Жиын барысында жастар ұйымдарының өкілдері бірыңғай әдістемелік материалдарды бірлесе түзуге кірісуге уағдаласты. Алдағы уақытта да осындай жиындарды көп ұйымдастырып, еріктілер арасында бір-бірлерінің іс-тәжірибелерін алмасу арқылы өздерін шыңдап, еріктілік жұмыстарын жүйелі түрде орындап жүруге бір-бірлерімен пікір алмасты.
